"Оскар-2024" киносыйлығының номинанттары белгілі болды

1664
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/01/izobrazhenie_2024-01-24_170644343.png
Беделді "Оскар" киносыйлығына үміткерлердің қорытынды тізімін Америка киноакадемиясы жариялады. Марапаттау рәсімі 10 наурызда өтеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Оскардың ресми сайтына сілтеме жасап. Ресми сайттағы дерек бойынша 96-шы Оскар марапаттау рәсімі 2024 жылдың 10 наурызында өтеді. Сыйлыққа негізгі үміткерлер тізімінен төмендегі фильмдер мен олардың авторлары табылды: Үздік фильм - "Американдық фантастика", "Құлау анатомиясы", "Барби", "Тастандылар", "Гүлді айды өлтірушілер", "Маэстро", "Оппенгеймер", "Өткен өмірлер", "Бақытсыз-байқұстар", "Қызықтар зонасы". Үздік режиссер - Жастин Трие ("Құлау анатомиясы"), Мартин Скорсезе ("Гүлді айды өлтірушілер"), Кристофер Нолан ("Оппенгеймер"), Йоргос Лантимос ("Бақытсыз-байқұстар"), Джонатан Глейзер ("Қызықтар зонасы"). Үздік актер - Брэдли Купер ("Маэстро"), Колман Доминго ("Растин"), Пол Джаматти ("Тастандылар"), Киллиан Мерфи ("Оппенгеймер"), Джеффри Райт ("Американдық фантастика"). Үздік актриса - Аннетт Бенинг ("Дайана Найэд"), Лили Гладстоун ("Гүлді айды өлтірушілер"), Сандра Хюллер ("Құлау анатомиясы"), Кэри Маллиган ("Маэстро"), Эмма Стоун ("Бақытсыз-байқұстар"). Қосалқы рольдегі үздік актер - Стерлинг К. Браун ("Американдық фантастика"), Роберт Де Ниро ("Гүлді айды өлтірушілер"), кіші Роберт Дауни ("Оппенгеймер"), Райан Гослинг ("Барби"), Марк Руффало ("Бақытсыз-байқұстар"). Қосалқы рольдегі үздік актриса - Эмили Блант ("Оппенгеймер"); Дэниэль Брукс ("Күлгін түс"); Америка Феррера ("Барби"); Джоди Фостер ("Дайана Найэд"); Давайн Джой Рэндольф ("Тастандылар"). Үздік түпнұсқа саундтрек - "Американдық фантастика", "Индиана Джонс және тағдыр шеңбері", "Гүлді айды өлтірушілер", "Оппенгеймер", "Бақытсыз-байқұстар". Үздік ән - The Fire Inside ("Қатты ыстық"), I’m Just Ken ("Барби"), It Never Went Away ("Америкалық симфония"), Wahzhazhe ("Гүлді айды өлтірушілер"), What Was I Made For? ("Барби").  
Комментарии