Үздік үштік. Қазақстан құрамасы Азия чемпионатын күміс жүлдемен аяқтады

2484
Adyrna.kz Telegram
Фото:  ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясы
Фото: ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясы

Қазақстан құрамасы Азия чемпионатын күміс жүлдемен аяқтады, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеп.

Кувейт астанасында аяқталған Азия чемпионатында қазақстандық спортшылар күміс медаль жеңіп алды.

Стенд атудың скит бағдарламасындағы Қазақстан-1 құрамасы алтын медаль жолында Қытай мергендерімен бәске түсті. Алайда ел спортшылары бұл дуэльде қарсыласқа есе жіберіп, 43-45 ұпаймен екінші орыннан көрінді.

Қола жүлде Бахрейн мен Үндістан құрамасына бұйырды.

Осы тұста бұл жаттығу жаңа ереже бойынша өткенін айта кетейік. Жарыс барысында әр мерген әдеттегідей 2 емес, 4 реттен нысана көздеп, мергендік танытты. Бұл әр позицияда 2 оқ атқаннан кейін жылжып отыратын шеберлер үшін тосын жай болғаны анық.

Келе жатқан Париж Олимпиадасында скит бағдарламасында аралас жұптық сында жүлде сарапқа салынады. Алайда Кувейттегі сары құрлық додасында лицензия үлестірілген жоқ.

Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында 3 алтын, 1 күміс және 4 қола медальмен жалпы есепте 2-орынды еншіледі. Ал 5 алтынмен көш бастап тұрған Қытай болса, үздік үштікті 2 алтын жүлдемен Қытайдың Тайпейі түйіндеді.

Биыл 35 елден 350-ден астам спортшы өзара сынға түсті. Бұл қатарда 18 қазақстандық аттанды.

Пікірлер