Жол-көлік оқиғасы. Жантүршігерлік апаттан үш адам қайтыс болды

3986
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/06/zhol-apaty-960x500.jpg?token=a32f6bdd27479b8cbda95bc2ee1fbb44
Орал-Атырау тасжолында жол апаты болып, үш өзбекстандық азамат көз жұмды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі atpress.kz-ке сілтеп. Басылымның ақпаратына сүйенсек, 20 қаңтар күні  17.00 шамасында Орал-Атырау тасжолы, Ақжайық ауданының Самал ауылына жақын маңда жантүршігерлік жол апаты тіркелген. Салдарынан үш адам қайтыс болған. Батыс Қазақстан облыстық Полиция департаменті орын алған жол апатына қатысты пікір білдірді.
"Mazda CX-7 көлігінің 41 жастағы жүргізушісі қарсы бетке шығып кетіп, жүк көлігімен соқтығысты. Өкінішке қарай, жеңіл көлік жүргізушісі мен екі жолаушы - 40 жастағы әйел мен 12 жастағы бала оқиға орнында қайтыс болды. Тағы бір 15 жастағы жасөспірім аудандық ауруханаға жеткізілді", - делінген департамент хабарламасында.
 
Комментарии