Семейде көпбалалы аналарға кезекті көмек көрсетілді

2842
Adyrna.kz Telegram

Семейде көпбалалы аналарға көмек көрсету жалғасуда. Бұл жолы қалалық биліктің қолдауымен 50-ден астам отбасыға тегін картоп берілді. Қайырымдылық акциясы қалалық базарлардың бірінде өтті.
Қалалық жастар ресурстық орталығының жетекшісі Олжас Соғымбай картопты өз бетінше ала алмаған отбасыларға, волонтерлер көмек көрсететінін айтты. Барлығы 2 тоннадан астам картоп таратылды.
- Көмек үшін рахмет, - деді көпбалалы ана Альмира Ақилбаева. - Менің 6 балам бар. Бұл біз үшін өте үлкен көмек болды.
"Ақжүніс аналары" ұйымының өкілі Анар Сүлейменова облыс және қала басшылығының қолдауымен аз қамтамасыз етілген көп балалы отбасыларға үнемі материалдық көмек көрсетілетінін атап өтті.

 

"Адырна" ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У кого болят колени и суставы - читайте пока не удалили!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Пікірлер