Стюардессаны ұрған әнші кім? Ішкі істер министрлігі жауап берді

2376
Adyrna.kz Telegram
Фото: dzen.ru
Фото: dzen.ru

Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев мас күйінде стюардессаны ұрған қазақстандық әншіге қатысты ақпарат айтты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

“2024 жылғы 17 қаңтарда Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының қаулысымен азамат Нұрымбетов әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 15 АЕК немесе 55 380 теңге әкімшілік айыппұл түрінде жауапкершілікке тартылды”, - деді Қайсар Сұлтанбаев.

Әлеуметтік желідегі ақпараттарда бортсерікті ұрған әншінің Бауыржан Нұрымбетов екені айтылған. Бауыржан Нұрымбетов «Шіркін life 2» телешоуының жеңімпазы ретінде халыққа танылған. Көптеген ток-шоуларда сарапшы болған.

Айта кетейік, FlyArystan әуе компаниясы 18 желтоқсан күні ұшақта болған оқиға туралы мәлім еткен. Ұшақта қазақстандық танымал әнші әрі актер  бортсерікке шабуыл жасап, маңдайынан ұрған. Сондықтан рейс 1 сағатқа кешіктірілген. Алайда, әуе компания әртістің аты-жөнін жарияламаған еді.

 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Это спасет потенцию даже в 70 лет! Продается в каждой аптеке...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
1 чайная ложка на ночь и все - потенция сильнее, чем в 20 лет
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Вот, что излечит ваши запястья даже в 75 лет! Нужно взять...
Пікірлер