Алматы облысында 44 жастағы келіншекті көршісінің иті талап тастаған

1936
Adyrna.kz Telegram

Алматы облысында 44 жастағы келіншекті көршісінің питбуль тұқымды иті талап тастаған. Бұған дейін әлгі ит сол келіншектің күйеуін де тістелеп, саусағынын айырған. Оқиға Есік қаласы маңындағы саяжай массивтерінің бірінде болды, деп хабарлайды "Адырна" порталы. Бұл туралы informburo ақпарат берді.

Жарықтың ақысын төлеуге шыққан Қарлығаш Елемесова қайтар жолда көршісінің бос жүрген итіне тап болған. Тістеген жерін оңайлықпен жібермейтін питбуль тұқымды төбет балтырынан бас салып, кейін бірнеше жеріне тіс батырған екен. Қазір әйелім орнынан тұра алмай ауруханада жатыр дейді жолдасы. Өткен жылы Берік Есқазиевтің өзі де дәл осы итке таланып бір саусағынан айырылыпты. Иесі әлі күнге дейін ешқандай өтемақы төлеген жоқ деген Берік, шара қолдана алмай отырмыз деп ашулы.

"Аяғын талап, жүргізбей тастады ғой. Көшенің басында көшеге шығып кетіп жерге аунатып талаған. Менің өзім өткен жылы саусағымнан айырылдым. Саусағымды алған, аяғымды талаған" деді Берік мырза.

Бұл маңда қазір 5 саяжай массиві бар екен. Олардың басым бөлігінде адамдар тек жаз мезгілінде ғана тұрады. Ал, ветеринария бөліміне қанша айтқанымызбен құлақ асар ешкім жоқ дейді. Ит аулауға өтініш береміз деген окрцг әкімі, адам қапқан итті иесі үйінен алып кетті дейді.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Галкин и Пугачева станцевали зажигательный танец на Кипре
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео: малютка и бабуля обсуждают жизнь — умора
Пікірлер