Қазақстанда тіркелген Boeing 737 MAX ұшақтары қолданыстан алынбайды. Бұл туралы Қазақстанның азаматтық авиация комитеті мәлімдеме жасады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Новости по теме
«Қазақстанда Boeing 737-9 MAX ұшағының 5 данасы тіркелген, бәрінде ұшуға жарамдылық сертификаты бар. FAA ұшуға жарамдылық жөнінде шұғыл директива шығарды (51.02.2024). Ұшуға жарамдылық директивасы автоматты түрде барлық B-737 MAX пайдаланушыларына қолданылады. Бұл директива орташа кабинаның апаттық шығу люгі орнатылған кез келген санатта сертификатталған Boeing компаниясының B737-9 үлгісіндегі әуе кемелеріне қолданылады» деп мәлімдеді комитет.
Қазақстанда тіркелген әуе кемелерінде апаттық шығу люгі емес, есігі пайдаланылады, демек директиваның еліміздегі әуе кемелеріне қатысы жоқ.