“Геннадий Головкин мансабын аяқтады”

3809
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/12/img_7264.jpeg
Танымал америкалық бокс инсайдері Рик Глейзер екі салмақ дәрежесі бойынша бұрынғы әлем чемпионы қазақстандық боксер Геннадий Головкиннің кәсіби мансабын аяқтағаны туралы пікір білдірді, - деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Vesti.kz сайтына сілтеме жасап. «GGG 16 ай бұрын «Канелоға» жеңілгеннен бері жекпе-жек өткізген жоқ, өзінің барлық әлемдік титулдарын өз еркімен тапсырды, бірнеше тиімді ұсыныстардан бас тартты және сәуірде 42 жасқа толады. GGG жай ғана зейнеткерлікке шыққан сияқты, бірақ ресми мәлімдемесіз», - деп жазды Глейзер өзінің әлеуметтік желідегі аккаунтында. Головкиннің кәсіпқой бокстағы рекорды – 42-1-2. 2022 жылдың қыркүйегінде өткен өзінің соңғы жекпе-жегінде Геннадий мексикалық Сауль Альварестен ұтылып қалған болатын.
Комментарии