Тоқаев: Жұрт кедейліктен көшеге шықты

2253
Adyrna.kz Telegram

«Шеруге қатысқандарға тоқталсақ, олар шынымен де наразылық танытып, көшелерге шықты. Қазіргі уақытта олардың талаптары бойынша талдау жүргізіліп жатыр. Негізінде, бұл әлеуметтік сипаттағы талаптар. Мұндай мәселелердің бар екенін жоққа шығармаймын. Олардың дені адамдардың кедейшілікте өмір сүруінен. Олар үкіметтен әлеуметтік-экономикалық проблемаларының шешілгенін талап етуде. Билік естіді. Біз жұмыс істейміз. Қоғам қауіпсіздігіне айтарлықтай зиян келтірмеген адамдар бар. Әрине, олар жақын уақытта босатылады. Ол жерге кездейсоқ түскен адамдардың бар екенін естідім. Олардың алдында кешірім сұраймыз, яғни тездетіп босатамыз. Бұл проблема да шешіледі», - дейді Тоқаев.

Сонымен қатар мемлекет басшысы сайлаудың әділ өтпегенін айтқандардың да босатылатынын атап өтті.

«Олар да босатылады. Себебі олар солай санайды. Ал мен, мысалы, сайлау әділ өтті деген пікірдемін», - дейді президент

Дереккөз: http://stan.kz/zhyrt-kedeylikten-koshege-shikti-tokaev-mitingiler-turali-317908/

Пікірлер