АСХАТ ҚАСЕНҒАЛИ: Путин тақтан құласа, онда Қытай Ресей басшысы ретінде Патрушевті көруді қалар еді

2539
Adyrna.kz Telegram

The Wall Street Journal Евгений Пригожиннің өліміне қатысты зерттеу жасап, “Вагнер” басшысының көзін құртуға қатысты операцияны Николай Патрушев ұйымдастырған деп түйіндеді.

Қысқаша былай дейді:

- Пригожиннің ұшағының қанатына жарылғыш зат орнатылып, әуеде қашықтықтан басқару арқылы іске қосылған.

- Пригожинді құрту операциясына дайындық екі ай жүрген. Патрушев Пригожиннің халық арасында беделі артқанына қатты алаңдаушылық танытқан.

- Патрушев Путинге “Пригожинде жеке әскер болу қателік” деп талай айтқан. Путин мән бермеген. Алайда Пригожин Путинге жеке хабарласып, дөрекі түрде оқ-дәрі жетіспеушілігін айтқан сәтте, Путиннің қасында Патрушев те болған. Осы сәттен бастап Путиннің ойы өзгере бастаған.

- “Вагнер” көтерілісінде Патрушев көтерілісті басуды қолына алған. Ол Пригожинге бес мәрте хабарласқан, алайда Пригожин жауап қатпаған. Патрушев Қазақстан пен Беларуське де хабарласқан. Егер Вагнерді тоқтата алмаса, Астана мен Минск әскери тұрғыдан көмектеседі деп ойлаған. Алайда Тоқаев көмектесуден бас тартқан, ал Лукашенко келіскен.

- Егер Пригожиннің бүлігі сәтті болып, Путин тақтан құласа, онда Қытай Ресей басшысы ретінде Патрушевті көруді қалар еді.

 

Ashat Kasengali

 

 

 

Пікірлер