"Көксерек". Қарағандыда адамдарға шабуылдаған жыртқышқа қатысты тың ақпараттар жарияланды

1744
Adyrna.kz Telegram
Сурет: dzen.ru
Сурет: dzen.ru
Қарағандыда жұртты шошытқан қасқыр "асыранды" болып шықты, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі "Вечерний Караганда" басылымына сілтеп.
Қарағанды облысы Қарқаралыда адамдарға шабуыл жасап, малды қырған қасқырға қатысты сараптама қорытындысы шықты.
Жыртқышта құтырма жоғын анықталып, мойнында қарғыбауға тән белгілер болғаны белгілі болды. Сондықтан жыртқыш қаңғыбас иттермен бірге жүрген, бірақ оның қайдан қашып кеткені белгісіз.

Қарағанды ​​облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі Қарқаралыда медициналық мекемеге жыртқыштың шабуыл жасап, әртүрлі дәрежеде жарақат алғанын хабарлады. Кейіннен ауруханаға тағы да үш адам келгені расталды.

"Бір әйелді бірнеше жерінен тістеп алған, екіншісінің жарақаты терең. Үшіншісінде сызаттар бар. Жағдайлары бірқалыпты, оларға барлық қажетті медициналық көмек көрсетілді. Барлық жарасы емделді, құтыруға қарсы екпе алды және амбулаторлық емделуге шығарылды", - делінген басқарманың баспасөз қызметі хабарламасында.

Пікірлер