Асы үстірті мемлекет иелігіне қайтарылды

2538
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/12/e56e37c0-2709-49b1-b563-9c5d6744ae24.jpeg
Асы үстірті мемлекет иелігіне қайтарылды. Бұл туралы «Жер аманаты» республикалық комиссиясының өңірдегі көшпелі отырысында айтылды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.  Мәлімет бойынша, 3,5 мың гектар жер бұрын «Іле-Алатау тур» ЖШС-не тиесілі болған. Жерге иелік еткен «Іле-Алатау турдың» 7 миллион теңгеге жуық салық берешегі бары анықталды. Айта кетсек, Ассы биік таулы үстірті - Алматы қаласынан 100 км қашықтықта орналасқан таңғажайып табиғат мүйісі. Үстірт теңіз деңгейінен 3 мың м биіктікте орналасқан. Іле-Алатау ұлттық саябағының құрамына кіреді және мемлекет қорғауында.  
Комментарии