Дзюдошы Максим Раков жаңа қызметке тағайындалды

3896
Adyrna.kz Telegram
Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден

Дзюдодан әлем чемпионы Максим Раков лауазымды қызметке тағайындалды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық пориалы Бірінші бол сайтына сілтеп.

Қарағанды облыстық дзюдо федерациясының вице-президенті лауазымын атқаратын болады.

Кеншілер астанасындағы Қанат Байшолақов атындағы спорт кешенінде Қарағанды облыстық дзюдо федерациясының кезектен тыс басқосуы өтті. Жиында өңірдегі дзюдоны дамыту мәселесі қаралып, жыл есебі тыңдалған болатын.

Отырыс барысында 2009 жылғы әлем чемпионы Максим Раков Қарағанды облыстық дзюдо федерациясының вице-президенті болып тағайындалды.

Ал Максим Раковтың әкесі Михаил Раков облыстық федерация президентінің көмекшісі болып жаңа қызметке тағайындалды.

Пікірлер