ЕЛ НЕГЕ АЛДАНДЫ

2072
Adyrna.kz Telegram

Кешелі бүгінді әлемжеліде "Қосанов алдады","Біз алдандық" атты мәселе қайта-қайта көтерілуде. Өкінішке орай,аталмыш сұрақтарға-жауап жоқ!
Жалпы біз сайлау жайлы...мүлдем білмейміз! Кез келген билеуші өкілет өз еркімен-биліктен кетпейді. Қазақ әдебиеті тарихында өз орнын түсіп берген жалғыз адам-Мадан хан! Далада қалған хан Бұрындық. Бұдан басқа ешкім жоқ... Қонаевті де алып тастаған.... Алып тастаушының бірі әлі билікте! Сайлаудың әр түрі бар. Тікелей сайлау,жанама сайлау...біздегісі гибрид! Себебі сайлаудағы жандарға "бөтен" араласа алмайды. Демек,Ә.Қосанов ойынға араласарда-келісімге келді. Қосанов қасындағылар ішінде-жолбике жоқ. Бәрі "жаттығудан өткен жауынгерлер"... Сайлауға барғысы келмес,бейжай жұртты әлеуметтанушылар "батпақ" дейді. Батпақты ояту үшін "көбелектер" даярланады...Олар өз бұйрықтарын жылдар бойы тосады,әсіресе бұлар оппозициялық көңіл күйлі "топтар" ішіне қосылып көз үйретеді.
Билік көбелектер "қуғынға ұшыраған" секілді болады. Олардың дүние-мүлігі тәркіленбейді. Тек ойын шартын бұзғанда- Заманбек,Алтынбек секілді өлтіріліп жіберілуі мүмкін. Енді "ризалар" мен "қарсыластар" ғана қалады. Қарсыластар-елден қуылады немес құртылады.
Бірінші Лазарсфельд,Берельсен әдісімен электорат зерттеледі. Екінші,тұжырымдалады. Үшінші,қимылға кірісіледі.
Панельді,латентті ұстанымдар бірдей қаралады. "Үнсіздік спиралі","соңғы минуттағы қозғалыс","Лапьер парадоксі" де болуы мүмкін деп алдын ала қамсызданады билік. Біз секілді авторитарлы елде exit-poll алдын ала қолдан жасалып ұсыныла береді...
Өкінішке орай бізде сайлауға бұған дейін кемелдер қатысқан емес Линкольн,Ганди,Неру,Манделла тектес ұлттық масштабтан асып-әлем ойына қол созар дарақтар түгілі,рулық өредегі жандар жалау көтергісі келеді. Бұған қоса сайлаусыз елде ақпарат өзгертіліп,өңделіп жетеді.Әлемжелі түрлері бұғатталады. Белгілі жандар "сатып алынады". Бізге Тұлға емес-Өлмес Мұрат керек.
Идея өлмейді! Біз өскенде бармағымыз шайналмайды.
Сол үшін-Білім керек Бізге.
Әлемдік білім-ұлт өрнегінен бөлінбеген...
Ердің ісін-Ел жасар күн туды...

                                                                                                                                                                            С.Елікбай

 "Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер