БАҚ: Жылуға жауапты вице-министрдің демалысы қашан аяқталады?

2090
Adyrna.kz Telegram

Энергетика министрінің жылумен қамту саласына жауапты вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов отставкаға кетеді деп күтілуде, деп хабарлайды “Адырна” тілшісі ҚазТаг агенттігіне сілтеп.

Нұрмағанбетов бір айға жуық демалыста болған.

БАҚ-та жариялаған ақпаратқа сәйкес, ол жұмыстан босатылуы мүмкін.

Нұрмағанбетовтің ұзақ демалысқа шыққаны туралы ақпаратты Энергетика министрлігінің өзі растады.

Нұрмағанбетовтің отставкаға кету ықтималдығын хабарлаған дереккөздің айтуынша, оған Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевпен арасындағы жанжал себеп болуы мүмкін.

Айта кетейік, Нұрмағанбетовті вице-министр қызметіне Сәтқалиевтің өзі ұсынған екен.

Нұрмағанбетов 2021 жылдың желтоқсанында Энергетика вице-министрі болып тағайындалды.

Соңғы екі күннің ішінде ауа райы күрт суытып, Қазақстанның үш қаласында: Степногорск, Екібастұз және Ақтауда жылумен қамту жүйелерінде апаттар болған.

Пікірлер