СЕРІК ХАСЕНОВ: Ислам Назарбаев диктатурасын ұзартушы институт ретінде қызмет атқарып келеді...

4836
Adyrna.kz Telegram
Фото: Sputnik / Абзал Калиев
Фото: Sputnik / Абзал Калиев

Негізі 2000-шы жылдардың басындағы оппозициялық топта, көбі тәңіршілер мен атеистер еді... солар билікке келгенде расымен демократия орнайтын ба еді...

Ислам діні де Назарбаев диктатурасын ұзартушы бір институт ретінде қызмет атқарып келеді...

Ал, менің ойымша ешқашан мұсылман дініне берілген адамды билік басына қоюға болмайды... әрине, дін жеке адамның интимдік дүниесі... бірақ, ол мемлекет ісіне араласа бастаса, кез-келген мемлекетті құлдыратады... Ердоған образы алдағы он жылда осыны дәлелдеп береді...

Назарбаев өткенде "Алланың бергенін абыроймен атқардым" деп, періп тұр. Назарбаевтың сауатсыздығында шек жоқ қой... бірінші ол Конституциялық Республиканың президенті болды... өмірбақи теледидардан сайлаудың әділ өткенін, өзіне сенім артқан халқына рахмет айтумен болатын...

"Алланың бергені" бұл жерде Нурикке тарихи өлшемдегі өзінің имиджінен гөрі қазіргі ситуация маңызды деген сөз...

Диктатор үшін өзінің ескерткішінің құлағанынан артық қорлық жоқ. Ол қуанышыма орай соны көріп кетті...

Қысқаша қайыра салайын...

Қазақстанда қазір тәңіршілдік ілімі күшейіп келе жатыр. Олар сопылардан кейін билікке келетін топ болуы ықтимал... сол кезде демократия орнауы мүмкін...

 

Serik Khassenov

 

 

 

 

Пікірлер