Ақтөбеде кәмелетке толмаған үш қыз іздестіріліп жатыр

1206
Adyrna.kz Telegram
Фото: polisia.kz
Фото: polisia.kz

Ақтөбеде полиция кәмелетке толмаған үш қызды іздестіріп жатыр. Бұл туралы Polisia.kz жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

«8 желтоқсан полицияға "Аяла" кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы тәрбиешісінің көмекшісі хабарласып, сағат 23:00 шамасында орталықтың үш тәрбиеленушісі терезені сындырып қашып кеткенін хабарлады», - деп жазылған хабарламада.

Олар:

  • Мырзакенова Манар Абайқызы - 05.06.2006 жылы туған. Бойы 160 см, дене бітімі орташа, шашы қара.
  • Тезекбаева Амина Иманқұлқызы - 14.03.2006 жылы туған. Бойы 165 см, дене бітімі арық. Шашы қоңыр. Сол жақ иықта меңі бар.
  • Дошонова Жұлдызай Мұратбекқызы - 01.10.2006 жылы туған. Сұры түсті спорттық киім киген.

Ақпарат бойынша, іздеуге полицияның кешенді күштерінің нарядтары, еріктілер жұмылдырылды.

Полиция кәмелетке толмағандардың қайда жүргенін білетін азаматтардан "102" немесе 8 771 785 1058 телефондарына қоңырау шалуды сұрады. 

Пікірлер