Таразда Кенен Әзірбаев атындағы ІХ Республикалық «Шырқа, даусым!» дәстүрлі әншілер конкурсы

4760
Adyrna.kz Telegram

2019 жылдың 26 сәуірінде Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, аса көрнекті халық композиторы, ақын Кенен Әзірбаев атындағы ІХ Республикалық «Шырқа, даусым!» дәстүрлі әншілер конкурсы өз мәресіне жетті. Конкурсқа Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Түркістан, Қызылорда, Қарағанды, Семей, Тараз қалаларынан және Жамбыл облысының елді-мекендерінен 16-35 аралығындағы 33 өнерпаз қатысты.
Арнайы шақырылған қонақтар тізімінде Бақытжан Кененұлы (ақынның ұлы), Бақытжан Сағынбекқызы (ақынның келіні), Мұхтар Әзірбаев (немересі), Төрткен Кененқызы (ақынның қызы), Баян Тасығанқызы (Төрткен апаның қызы) болды.
Іс-шара баспасөз конференциясынан кейін салтанатты түрде ашылып, ІІ кезең бойынша өнерпаздар бақ сынасты. Бірінші кезеңде ереже бойынша үміткерлер 3 әннен орындап, нәтижесінде екінші кезеңге 15 үміткер өтті. Сондай-ақ, конкурс барысында Кенен Әзірбаевтың шығармашылығы мен өміріне арналған «Алатаудың ақиығы» атты деректі фильм көрсетілді. Екі ғасырдың куәгері, Алатаудың бұлбұлы атанған қазақ халқының дүлдүл ақыны К. Әзірбаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы түсірілген деректі фильмде ақынның өмір жолы, туған жері, өскен ортасы туралы сыр шертілді. Кенен Әзірбаев жайлы ғалымдардың, әдебиет және өнер зерттеушілердің ойлары айтылды.
Қазылар құрамы:
1. Дүйсенбек Төребекұлы Өмірәлиев – әнші, Қазақстанның мәдениет қайраткері;
2. Ерболат Заманбекұлы Шалдыбеков – әнші, «Өнертану» ғылымдарының магистры, Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық Өнер университеті «Дәстүрлі ән» кафедрасының оқытушысы, ҚР Мәдениет қайраткері:
3. Есенбек Әмірбекұлы Сәтпаев – Қазақ өнерінің қайраткері;
4. Әлібек Әмзеұлы – Жамбыл облыстық «Қоғамдық кеңестің» мүшесі, ҚР Мәдениет қайраткері.
🔴Қазылар шешімі бойынша:
🏆Бас жүлде иегері: Сәуле Жұмабайқызы – Алматы облысы (500 000тг.)
🥇І орын иегерлері: 1) Мадияр Бақытжанұлы Шалабаев – Жамбыл облысы (300 000тг.) 2) Балжан Бағдәулетқызы Талғат – Түркістан облысы (300 000тг.)
🥈ІІ орын иегерлері: 1)Бисенбек Қуанышбайұлы Төлеубаев – Қызылорда облысы (200 000тг.) 2) Алуа Айтбекқызы Қалымбекова – Қарағанды облысы (200 000тг.)
🥉 ІІІ орын иегерлері:1) Таңнұр Мәнура – Қытай Халық Республикасы (150 000тг.)
2) Елтоқ Сымбат – Қытай Халық Республикасы (150 000тг.)
🏅Дипломанттар (50 000тг.):
1. Ақжол Исатайұлы Өсербай – Алматы қаласы;
2. Елбол Сейілбекұлы Қуанбек – Кентау қаласы;
3. Айдана Нұрланқызы Асанбаева – Алматы қаласы;
4. Толғанай Әшімбекқызы Кеңес – Нұр-Сұлтан қаласы;
5.Ербосын Ерболұлы Қасымбеков – Жамбыл облысы;
6. Нұриддинұлы Бек – Өзбекстан Республикасы;
7.Ердәулет Әбілқасымұлы Жамбылов – Өзбекстан Республикасы;
8.Есекеева Айгүл – Тараз қаласы.
Конкурсқа қатысқан қалған 18 өнерпаз Алғыс хат пен ақшалай сыйлыққа (30 000тг.) ие болды.
Жамбыл облысы мен Тараз қаласынан қатысқан конкурс жеңімпаздары 13-қыркүйекте Тараз қаласында өтетін І Облыстық «Талас толқындары»музыкалық өнер фестиваліне жолдама алып, өнер додасында бақ сынасады.

Пікірлер