Әлеуметтік желіде Алматы облысы Талғар қаласындағы мектептердің бірінде балаға күш көрсеткен мұғалімнің видеосы тарады, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.
«Балалар зорлық-зомбылық жағдайлары, оның ішінде шаштан тартып, итеріп, педагогтердің дауыс көтеретінін айтты», - деп жазылған постта.
Мектепте 81 бала оқиды, 24 мұғалім жұмыс істейді, бірақ деректерге сүйенсек, аталмыш оқу ордасының білім беру лицензиясы жоқ болып шықты.
Аталған дерек бойынша Талғар полициясы ҚР ҚК 140-бабы 2-бөлігі бойынша іс қозғаған.Посмотреть эту публикацию в Instagram
«Адырна» ұлттық порталы