Қазақтың тұңғыш кәсіпқой боксшысы 53 жасында өмірден өтті

3270
Adyrna.kz Telegram

Тоқсаныншы жылдардың белгілі боксшысы Есболат Нұрманов 53 жасында қайтыс болды, деп хабарлайды "Адырна" порталы. 

Спортшының бақилық болғанын Ғ.Мүсірепов атындағы қоғамдық қордың директоры Ғабиден Жәкей өзінің әлеуметтік желісінде хабарлады.

"Суыт хабар.... атақты бокшы Есболат Нұрманов мәңгілік мекеніне кетіпті. Егемен елдің тұңғыш кәсіпқой боксшысы, 17 жасында бокстан КСРО құрама командасының мүшесі болған, халықаралық дәрежедегі спорт шебері еді», - деп жазды ол.

Есболат Нұрманов (29.02.1970 ж. - 4.12.2023 ж) кәсіпқой бокста 7 жекпе-жек өткізген. Ол 1993 жылдың 27 наурызында Украинаның Мариуполь қаласында израильдік боксшыға қарсы алғашқы кездесуін өткізді. Оның соңғы жекпе-жегі 1995 жылдың 9 желтоқсанында литвалық боксшымен болған.

 

Пікірлер