Тараздағы ауылшаруашылық жәрмеңкесінде 36 тонна азық ұсынылды

1707
Adyrna.kz Telegram

Сәуір айының 28 жұлдызында Тараз қаласындағы Әлеуметтік сауда орталығында ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтті, деп хабарлайды «Хабар 24». Мұнда өңірдің төрт ауданы мен Тараз қаласының тауар өндірушілері және тұрақтандыру қорының өнімдері қойылған. Тұрғындарға жалпы құны 10 миллион теңгеге жуық 36 тонна азық ұсынылды. Тауарлардың барлығы нарықтағы бағадан 15-20 процентке төмен. Мысалға, сиыр етінің келісі 1300, ал ірімшік 500 теңгеден саудаланды. Ұйымдастырушылар мұндай жәрмеңкелердің жергілікті шаруаларға өз тауарларын делдалсыз сатуға мүмкіндік беретіндігін айтады. Тұңғыш Жанұзақов, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының баспасөз хатшысы: - Ауыл шаруашылығы өнімдерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында апта сайын жәрмеңке ұйымдастырылуда. Аталған жәрмеңке мамыр айының соңына дейін сенбі, жексенбі күндері осы коммуналдық базарда өткізіліп жатыр. Осы категория бойынша: « Маңғыстаулық кейуана бау-басқұрдан аспалы шам жасайды Павлодарда полицейлердің қызмет сапасын бақылау үшін «кері байланыс» жүйесі енгізілді »

Дереккөз: https://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-am/item/311613-tarazda-y-auylsharuashyly-zh-rme-kesinde-36-tonna-azy-synyldy

Пікірлер