Бокстан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан үшінші алтынды жеңіп алды

3993
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/12/cf05aed5-c24b-4dd4-bcfd-d92e6deb7d14.jpeg
Қазақстандық боксшы Айсұлу Мұхит 2023 жылы Ереванда (Армения) өткен бокстан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының финалында жнңіске жетті, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Sport.kz-ке сілтеп. 66 келі салмақта финалдық кездесуде Айсұлу Румыния боксшысы Амалия Тугуймен кездесіп, 3:2 есебімен жеңіске жетті. Осылайша, Айсұлу Мұхит әлем чемпионатының үшінші алтынын жеңіп алды. Айта кетейік, Ертең тағы бір қазақстандық боксшы – Нұрасыл Төлебек (54 келі) алтын үшін жұдырықтасады.
Комментарии