ӨМІР ШЫНЫБЕКҰЛЫ: Есіңде сақта, КСРО-ның ыдырауы Черчилльдің Фултондағы сөзінен басталды...

6555
Adyrna.kz Telegram
20 ғасырдағы ең Ұлы саясаткер кім?
Британ мемлекеттік және саяси қайраткері, 2 рет Ұлыбритания премьер-министрі болған У.Черчилль жан-жақты талантты болған.
Әлемдік саясаттың бағытын айқындап отырған Уинстон Черчилльдің 1953 жылы әдебиет саласы бойынша Нобель сыйлығын алғанын біреу білер, біреу білмес...
Сонымен қатар ол әжептәуір суретші болған.
Бірақ суреттерін көпшілікке көрсете бермеген.
Черчилль тек пейзаж (табиғат) салады екен.
Журналистің
- Неге сіз өз картиналарыңызда тек табиғатты бейнелейсіз? - деген сұрағына
- Әлі күнге маған бір де бір ағаш "Мені нашар сапсың" деп келген емес!" - деп жауап беріпті.
Есіңде сақта, қазақ бала.
1991 жылы КСРО Горбачевтің ақымақтығынан немесе отар ұлттардың қарсылығынан ыдыраған жоқ..
КСРО-ның ыдырауы Черчилльдің 1946 жылы (АҚШ) Фултондағы Вестминистрлік колледж студенттері алдында сөйлеген сөзінен басталды...
Сондықтан, Ресейдің барлық отарлары секілді қазақ халқы да Ұлы Черчилльге қарыздар...
Көше, мектеп, алаң, тіпті елді мекенге атын берсең де жарасады...
Бұл сөздерім қазір сізге Шыныбекұлының кезекті бір оттауы секілді көрінгенмен, болашақта солай болады.
Себебі, немереңнің көзі сенен әлдеқайда ашық болады...

 

 

Пікірлер