Хостелдегі өрт. Жалға беруші ұсталды

2413
Adyrna.kz Telegram

Арнайы прокурорлар «Алматы-Хостел» ғимаратындағы өрт оқиғасы бойынша қылмыстық істі тергеуге кірісті. Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Қазіргі таңда ғимараттағы өрт оқиғасына байланысты Қылмыстық кодекстің 292-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

«Құқық қорғау органдарының тәжірибелі қызметкерлерінен ведомствоаралық жедел-тергеу тобы құрылды. Өрттің шығу себебі мен алғышарттарын анықтау мақсатында оқиға орнына қарап-тексеру жүргізіліп, сараптамалар тағайындалып, өзге де жедел-тергеу іс шаралары ұйымдастырылуда. Сол күні осы қылмысты жасады деген күдікпен хостелді жалға беруші Мухамедъяров А. прокурорлармен ұсталып, уақытша ұстау изоляторына оқшауландырылды»,—делінген хабарламада.

Тергеу аясында хостелдің қызмет көрсетуіне қатысы болған барлық тұлғалардың әрекетіне құқықтық баға беріледі.

Айта кетейік,қылмыстық іс тергеуі Бас Прокурордың бақылауында.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Ложку перед сном и все! За неделю уйдет 13 кг возрастного жира...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Пікірлер