Білімді ұрпақ – білікті маман

1295
Adyrna.kz Telegram

Қазіргі уақытта XXI ғасырдың талабына сай тұлға болып қалыптасып, мақсатыңа жету үлкен білімді қажет етеді,соның ішінде сапалы білім алу.Әр адам өз жанына жақын мамандықты таңдап,сол салада үнемі өзін жетілдіріп дамыта отыру керек.

Мамандық – бұл әр жеке адамның болашағы. Жоғары білім берудің негізгі мақсаты – болашақ маманды тек қана біліммен және теориямен қаруландырып қана қоймай, сонымен қатар әр болашақ маманның жеке руханилығы, жеке шығармашылық қабілеттінің жетілуін,кәсіби мәдениетінің қалыптасуына көңіл бөлініп және дамуына мүмкіндік жасалуда. Студентті тек болашақ маман ретінде ғана қарамай, оны қазақ қоғамының азаматы, шығармашылық тұлға,келешектің иесі мен тірегі ретінде тану. Ал болашақ мамандарды осы жоғарыда айтылған  қасиеттерге сай дайындау,оның кәсіби құзыреттілігіне сәйкес білім беруден басталады.

Мен, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің «философия және саясаттану»факультетінде, «әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығының магистратурасында білім алу жолындамын. Бұл тұрғыда өз мамандығыммен мақтана аламын және педагогика мен білім беру менеджменті кафедрасының профессор-оқытушылары болашақта кәсіби әлеуметтік педагогтің даярлауына аянбай еңбек етіп,сапалы білім беріп,мамандыққа деген қызығушылықты одан әрі арттырып жүрген профессор-оқытушыларым п.ғ.к., -Қ.Ш.Молдасан,п.ғ.к.,-Б.А Әрінова, п.ғ.к-А.М.Кұдайбергенова, п.ғ.к.,А.М.Текесбаева және басқа да білім беріп жүрген ұстаздарыма алғысым шексіз. Білім алушыларға жоғары деңгейде, түрлі жаңа әдіс–тәсілдермен, шығармашылық бағытта білім беруден жалыққан емес. ҚазҰУ-нің тарапынан студенттер үшін білім алуына лайықты жағдайлар жасалған.

Әлеуметтік педагог – әр түрлі әлеуметтік мәдени ортада балалармен, отбасымен, қарттармен, мүмкіндігі шектеулі  жандармен тығыз жұмыс жасайды. Әлеуметтік педагогика – педагогика ғылымының бір саласы,ең басты мақсаты әр түрлі жастағы және әр түрлі әлеуметтік топтардағы адамдарға әлеуметтік тәрбие беру арқылы оларды әлеуметтендіруді көздейді. Осы салада жоғарғы оқу орнында әлеуметтік педагогтарды даярлауда педагогикалық практикамды өзімнің ғылыми жетекшім п.ғ.к.,-Қ.Ш.Молдасан оқытушымен бірге «әлеуметтік педагогика» мамандығының 4 курс студентеріне жүргізудемін. Ғылыми жетекшім п.ғ.к., -Қ.Ш.Молдасан болашақ мамандарды даярлауда менімен өз тәжірибесімен практика жүзінде бөлісудеМені ғылыми практикалық іс-әрекетке даярлауда,жоғарғы оқыту орнындағы оқу-тәрбие процесін жүзеге асыруға және арнайы пәндерді оқытудағы дағдыларды үйретуде.

Әлемге әйгілі ойшыл, философ, математик, астроном, ботаник, логика зерттеушісі Әбу Насыр әл-Фараби: «Адамға ең бірінші білім емес,  тәрбие керек. Тәрбиесіз берілген  білім – адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өміріне қауіп әкеледі» деген екен. Осы орайда біздің ата-бабаларымыз тәрбиенің орны бөлек екенін жақсы білген. Өйткені ұрпаққа үлгілі тәрбие бере алу – қоғамның өзін, елдің тірегін қалыптастыру.  Соның ішінде балаға өнегелі тәртіп пен құқықтық тәрбие бере білу – өлшеуі жоқ қазына. Осыған орай ҚазҰУ  әлеуметтік педагог маманына сапалы білім алуға және өз саласында кәсіпқой маман болуға мүмкіндік береді.

Мұратова Гүлсара,

ҚазҰУ-ның «әлеуметтік педагогика

және өзін-өзі тану» мамандығының

1 курс магистранты

Ғылыми жетекші

п.ғ.к. Молдасан К.Ш

Пікірлер