Қазақстан мектептерінде діни әдебиеттерге тыйым салынуы мүмкін

1156
Adyrna.kz Telegram
Сурет: ivl.com.ua
Сурет: ivl.com.ua

Депутат Асхат Аймағамбетов Мәжілістің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім және тәлімгерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын таныстырды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Депутат мектеп зайырлы ұйым болғандықтан, оқушыға зиян келтіретін діни немесе басқа да ақпарат болмауы керектігін айтты.

«Мектепке түрлі уағызшылар мен дін қайраткерлері келетін фактілерді көріп жүрміз. Мектеп — зайырлы оқу орны. Сол себепті зайырлы институт толығымен зайырлы болуы керек. Діни әдебиетті оқығыңыз келсе, мүмкіндігіңіз бар. Ата-ана бар. Алайда балалар кәмелеттік жасқа жеткенше қорғалуы керек, өйткені оларға қорытынды шығару өте қиын»,—деді Аймағамбетов.

Айта кетейік, депутаттар заң жобасын бірінші оқылымда қолдап, құжатты Сенатқа жолдады.

Пікірлер