Қостанайда құрылыс алаңында кран құлап, жұмысшы қаза тапты

2247
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/11/e1b2b5ae-e9d7-45db-81b4-48f1a4ed006f.jpeg

Қостанайда құрылыс алаңында мұнара краны құлап, жұмысшы қаза тапты. Бұл туралы “Наш Костанай” басылымы жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

«30 қараша күні сағат 12:50-де Шаяхметов көшесінде салынып жатқан нысанда кран құлады. Салонда 49 жастағы кран машинисі болған, ол алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды», - деп

хабарлады полиция департаменті.

ҚР Қылмыстық кодексінің 277-бабының 2-бөлігі «Адам өліміне әкеп соққан тау-кен жұмыстарын немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Кранның құлау себебі анықталуда. “Наша газетаның” хабарлауынша, көрші үй тұрғынының көлігі зақымданған.

Комментарии