Төртеуі шетелдік. Хостелдегі өрттен қаза тапқандардың жеке басы анықталды

2507
Adyrna.kz Telegram
Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден

Алматыдағы хостелдегі өрттен қаза тапқан адамдардың жеке басы анықталды.  Бұл туралы Алматы қалалық Полиция департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Алматы қалалық Полиция департаментінің хабарлауынша, қайтыс болған 13 адамның төртеуі шетелдіктер (Ресей Федерациясының 2 азаматы және Өзбекстанның 2 азаматы), қалған 9 адам - Қазақстан Республикасының азаматтары.

Бұған дейін Алматы қаласының әкімі Ерболат  Досаев 10 адамның  жеке басы анықталғанын мәлімдеген еді. Сондай-ақ, ол бұл хостел Алматы қаласы жоғары оқу орындарымен студенттердің тұруы үшін ынтымақтастық туралы меморандумға қол қоймағанын айтты.

Белгілі болғандай, хостел бір жарым ай бұрын ашылған, ғимарат Халық банкке тиесілі, банк оны кепілмүлік ретінде жалға берген.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, бүгін таңертең Алматыда орналасқан хостелдердің бірінен өрт шығып, 13 адамды ажал құшты. Белгілі болғандай хостелдің іске қосылғанына не бәрі 1,5 ай болған. Онда шетел азаматтары тұрған. Сонымен қатар өрттің шығу себептерін тексеру жөніндегі Үкіметтік комиссия құрылды.Өрттен зардап шеккендердің жағдайы туралы мәлімет белгілі болған еді.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пышнотелая танцовщица заставила зал замереть! Только посмотрите
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы давление всегда было 120\80, прекратите добавлять в еду...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Пікірлер