MAL, QUL, SEX, USA, OON, NN... серия болса да тұрпайы ма? Кейбір автонөмірге тыйым салынды

950
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ашық дереккөз беттерінен
Фото: Ашық дереккөз беттерінен

Ішкі істер министрлігінің шешімі бойынша, сөйлеу мәдениетіне жат 106 әріп комбинациясы автокөлік нөміріне таңдаудан алынып тасталды, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы Egemen.kz-ке сілтеме жасап.

Ішкі істер министрлігі оқылуы мен айтылуы «сөйлеу мәдениетіне жат» мемлекеттік тіркеу белгілерін жариялап, оларды қолданыстан алып тастады. Әріп комбинацияларын шектеу туралы шешім тіл сараптамасы негізінде қабылданған.

«Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту комитетінің 2018 жылғы тілдік сараптамасына сәйкес оқылуы мен айтылуы сөйлеу мәдениетіне жат заңды және жеке тұлғалар үшін Қазақстан Республикасы Көлік құралдарының мемлекеттік тіркеу белгілерінің мынадай сериялары диапазоннан алынып тасталды», делінген хабарламада.

Жоғарыда айтылған әріп комбинациялары мыналар: AAM, BOK, CEX, FBP, HER, KAL, KOT, MAL, SOR, SOP, SOS, SEX, USA, XER, XYE, ZEK, GEY, GEI, GAY, JID, GON, GAD, CON, QUM, GOD, EBI, EPT, IIM, GOS, IIN, QAS, OON, XUI, QR, HUY, ISK, HYI, QYS, XUY, JUN, XER, BOQ, QUL, SIK, QAN, SYK, JUT, QOR, QYQ, QOI, TYQ, JOI, JMI, JYN, GAI, IBU, VOR, EBU, BOP, FUK, FAK, FUC, FAC, IOX, IOH, LOX, LOH, COX, KOX, FBR, POX, KNB, MVD, OPG, EBR, AMM, SGL, ASS, HAX, NAX, AM, IB, KZ, PK, QU, KP, UD, WX, TG, NS, CS, PV, AK, WK, JO, AQ, AO, RK, NN, BS, ST, BA, AW, AP, AE, AX.

Пікірлер