64 ағашты кесуге бюджеттен 1 696 428 теңге қаржы бөлінді

1124
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ашық дереккөз беттерінен
Фото: Ашық дереккөз беттерінен

Ақтөбе облысы Қарғалы ауданындағы Петропавловка ауылында 64 ағашты кесуге бюджеттен 1 696 428 теңге қаржы бөлінді, - деп хабарлайды Адырна ұлттық порталы satypalu сайтына сілтеме жасап.

Петропавловка – Ақтөбе облысының Қарғалы ауданына қарайтын шағын ауыл. Бүгінгі таңда Желтау ауылдық округінің орталығы саналады. Елдімекендегі халық саны екі мың адамға жетпейді.

16 қараша күні  Қарғалы ауданының «Желтау ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі «Қарғалы ауданы Петропавл ауылындағы қатты дауыл салдарынан сынған немесе қураған ағаштарды кесу және шығару жұмыстары» деген тақырыппен тендер жариялаған.Мемлекеттік сатып алуды 27 қараша күні «ИП Аида» компаниясы жеңіп алған.

Техникалық сипаттамада тапсырысты орындаушы компания сынған, қураған ағаштарды кесу және арнайы полигонға шығару, жұмыс кезінде арнайы жабдықпен (автовышка), құрал-сайманмен жабдықталған арнайы көлікті пайдалану, ағашты кесу кезінде электр сымдарын үзбей, қауіпсіздік ережелерін сақтау, зақымдалған ағаш бұтақтарын жою, шірік ағаштарды діңгегіне дейін кесу, бұтақтар мен қоқыстарды арнайы бекітілген полигонға шығару (қашықтығы 5 шақырымға дейін) керектігі көрсетілген.

Сондай-ақ жұмыс кезінде қоршаулардың қирауы, электр сымдарының үзілуі, телефон коммуникацияларының, ғимарат пен автокөліктің зақымдануы, т.б жағдайлар орын алса, бәріне тапсырыс орындаушы толық жауапты болатыны айтылған.

Техникалық сипаттамада ағашты кесу және тасымалдау бағасы – 30 000 теңге (64 дана ағаш) деп белгіленіпті. Сонда Ақтөбе облысы Қарғалы ауданындағы Петропавловка ауылының әкімдігі бар болғаны 64 дана ағашты кесу үшін бюджеттен 1 696 428 теңге қаржы жұмсамақ па? Жоқ, әлде 1 696 428 теңгенің әр отыз мың теңгесіне 64 дана ағаштан кескізбек пе?

Олай дейін десек, халқының саны екі мыңға жетпейтін шағын ауылдан 3 584 дана теректің кесіп тастау керек болады. Бұл дегеніңіз жасыл желекті орманды отап тастағанмен бірдей дүние...

Қарғалылықтардың 1 696 428 теңгеге қанша ағашты отағалы отырғанын сұрап тиісті мекемелерге хат жолдадық. Жауабы келе сала, оны да жариялайтын боламыз.

Қанат Бірлікұлы

Адырна ұлттық порталы

Пікірлер