«Жұма күні мектептен балалар мешітке қашады»

2771
Adyrna.kz Telegram
Фото: kris.p.taraz
Фото: kris.p.taraz

Жұма күні мектептен балалар мешітке қашады.

Осындай жағдайды көп еститін болдық. Кезінде қазақ оқу үшін медрессе жағалап еді. Себебі оларда оқуға, білімге, білуге деген құлшыныс болды. Ал қазір мектептегі балалар мешітке қашып жүрген көрінеді. Мұғалімдеріне ескертпей! Бұның алдын алмаса опат! Ұлт үшін қауіпті. Мектепті тастап сабақ уақытында жұма намазға кеткен балалармен психолог жұмыс істеуі керек. Неге десеңіз ол мешітке бару үшін, ұстазды да, білімді де, тәртіпті де бәрін ысырып тастады.

Бұл желідегі псевдо мұсылман, лаққан әнші блогерлердің жұмысының жемісі. Сосын қаптап шығып жатқан дін молдаларының (“ұстаз”) жұмысының нәтижесі. Елді шатастыру, қазақы қалыптан кетіру. Оқитын балаларымызды білімнен алыстату деген мәуелі бәйтеректің діңгегі мен бұтақ жапырағына тимей тамырын кескенмен бірдей! Түбіне балта шабу! Бұндайларды тию керек!

Біздің қоғам қызық қоғам. Біреу қазір мына баланы мақтап, жақтауы мүмкін. Бұл бала бірінші сабағын оқысын. Уақыты болса үйірмелерге қатыссын. Шахматқа барсын!

Жанкелді Таңатбекұлы

Фейсбук парақшасынан

 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Муж поднял потенцию за 1 минуту! Использовал этот метод
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Врачи молчат об этом! Это вытянет всю боль из колен, таза и спины
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Запор уйдет за пару часов благодаря этому дедовскому методу!
Пікірлер