Қостанайда көлік жүргізушісі полиция қызметкерлерін алдамақ болған

2018
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/10/policziya-960x500.jpeg?token=872acba811ec7e4ef3d5f3b21d5a1ae9
Патрульдік полиция қызметкерлері көлік жүргізу құқығығынан айырылған "Мерседес" көлігінің жүргізушісін мас күйінде ұстады, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі. Тобыл қаласының патрульдік полициясы 2017 жылы көлік жүргізу құқығығынан айырылған көлік жүргізушісін тоқтатқан. 34 жастағы жүргізуші тізгіннен түсіп, алдыңғы орындыққа отырып, жолаушы екенін айтқан. Алайда көлікте өзінен басқа ешкімнің болмаған. Құқық бұзушы ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы "Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік, масаң күйде басқаруы" бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Комментарии