Қытай мен Қазақстан арасында әуе рейстерінің саны артады

2069
Adyrna.kz Telegram
Сурет: КТК
Сурет: КТК

Қытай әуе компаниялары Қазақстан мен Қытай арасындағы рейстерді ұлғайтып жатыр. Бұл туралы Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«China Southern Airlines әуекомпаниясы 2024 жылғы 23 қаңтардан бастап аптасына 3 рейс жиілігімен Алматы – Бейжің бағыты бойынша рейстер ашуды жоспарлап отыр. Сұраныс артса, әуекомпания Алматы қаласынан Үрімші және Сиань қалаларына, сондай-ақ Астана қаласынан Үрімші қаласына 2024 жылдың көктемгі-жазғы маусымынан бастап қолданыстағы бағыттар бойынша рейстер санын ұлғайту мүмкіндігін қарастыруға дайын»,—делінген хабарламада.

Жалпы 2024 жылғы көктем-жаз кезеңінде екі ел арасындағы рейстер саны қолданыстағы және жаңа әуе бағыттары бойынша аптасына 30 рейске дейін артады деп күтілуде.

Еске салайық, 10 қарашадан бастап Қазақстан мен Қытай арасында визасыз режим күшіне енген еді.

Пікірлер