Халыққа ұнамайтын реформаның керегі жоқ!

1662
Adyrna.kz Telegram

Колледждерді сатуға не үшін қарсымын түсіндіріп кетейін!
Өзім колледжде сабақ берген соң, ішкі кухниясын жақсы білем!

Механик,егінші, повар, тігінші, жалпы қара жұмысшылардың мамандықтары колледжде оқыталады!
Жоғары оқу орынға түспей қалған, оқуға ақшасы жоқ қарапайым ауылдың балалары колледждің грантына түседі. 
Көп балалы аналардың балалары көбісі колледжде оқиды.
Мемлекеттен арнайы әлеуметтік тапсырыс арқылы гранттар беріліп отырады. Не үшін әлеуметтік дейсіздер ғой, себебі әлеуметтік жағдайы аз қамтылған отбасыларға арналған.
Бізде турси тігетін фабрика жоқ. Себебі бұрынғы жеке меншікке берілген зауыт фабрикалар қәзір жоқ болып кеткен. Тура сондай тәсілді тағы қайталамақшы!
Қара жұмыс істейтін кедейлердің аузынан жырып жейін деп жатыр.
Жаңа білім министірі бұндай сыбайлас жемқорлыққа жол бермес деген үміттемін.
Халықтың миллиардтаған салығына салынған дүниелерді сатуға қарсымын.
Бұлай бизнесті дамытпай ақ қойыңдаршы. Бәрібір қатырып жатқан дымдарың жоқ.
Отыз жылда ойрандалып қалған сорлы ел болдық.
Көрші Өзбек елінен үйреніңдер!
Білім саласы толық мемлекет басқаруында!
Ауылдың балаларын қаңғытып бұлай дамыған ел болған түрлерің құрысын! Бір бизнесменің жағдайын жасаймын деп, бүкіл елдің баласы не үшін қаңғып жүру керек?
Халыққа ұнамайтын реформаның керегі жоқ!

Айгүл Орынбек

Пікірлер