Бүгін — балалар әдебиетінің негізін салушылардың бірі Сапарғали Бегалиннің туған күні

5641
Adyrna.kz Telegram
Сурет: Уикипедия
Сурет: Уикипедия

Бүгін — қазақ балалар әдебиетінің негізін салушылардың бірі, ақын, жазушы, аудармашы Сапарғали Бегалиннің туған күні.

Көрнекті тұлға 1895 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Дегелең ауылында өмірге келген. Ол алғаш ауыл молдасынан хат танып, 1913 жылы Семей қаласындағы орыс-қазақ училищесінде оқыған. Жасында жыршылардан терме, салт жырларын, айтыс өлеңдерін жатқа алған. Соның әсерімен шығармашылық жолын өлең жазудан бастаған.

Ақынның "Қазақ қыз-бозбалалары" деген тұңғыш өлеңі 1914 жылы "Айқап" журналында басылған. "Қыран кегі" (1943) "Цимлян теңізі" (1953) "Таңдамалы" (1956), "Сырлы қайнар" (1963) т.б. өлеңдер мен поэмалар жинағы жарық көрген. Сонымен қатар ол балаларға арналған прозалық шығармалар, "Замана белестері" атты роман (1975 ж) жазған.

Қаламгер Пушкин, Лермонтов және басқа да көптеген орыс классиктерінің шығармаларын қазақшаға аударған. Жазушы сексен сегіз жылдық ғұмырында жиырма шақты поэма, оннан астам повесть, жүздеген әңгіме, көптеген естеліктер, зерттеулер, мақалалар жазып қалдырды.

Сапарғали Бегалин өз заманында қазақ халқының ауыз әдебиеті үлгілерін жинап, зерттеу саласында ұзақ жылдар еңбек еткен еді.

Пікірлер