Минскіден - Бакуге. Президент Тоқаев СПЕКА саммитіне қатыспақ

1967
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/11/img_6246.jpeg
Мемлекет басшысы Баку қаласына жұмыс сапарымен келді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі. Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ-ның Орталық Азия елдері экономикаларына арналған арнайы бағдарламасының (СПЕКА) саммитіне қатыспақ. Еске салайық, кеше президент ҰҚШҰ жиынына қатысу үшін Беларусь Республикасына барды. Қасым-Жомарт Кемелұлын Тәуелсіздік Сарайында Беларусь Президенті Александр Лукашенко қарсы алды. Мемлекет басшысы ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің шағын құрамда өткен сессиясына қатысты.
Комментарии