Запастағы офицерлер әскери қызметке шақырылады. Үкімет қаулысы бекітілді

1977
Adyrna.kz Telegram

2024 жылы запастағы офицерлерді әскери қызметке шақыру туралы Үкімет қаулысы бекітіледі. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Қорғаныс министрлігі "Запастағы офицерлерді әскери қызметке шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысын әзірледі.

Нормативтік құқықтық акт "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" ҚР Заңының 32-бабына сәйкес дайындалып отыр.

Қаулы жобасында 2024 жылы әскери қызметке шақыруға жоспарланатын запастағы офицерлердің жалпы саны, сондай-ақ құрамында запастағы офицерлерді шақыру жоспарланатын мемлекеттік органдардың атаулары қамтылған, - делінген хабарламада.

Үкімет қаулысы жобасының толық мәтінімен "Электрондық үкімет" порталында ағымдағы жылдың 6 желтоқсанына дейін "Ашық НҚА" порталынан танысуға болады.

Пікірлер