ДИНА ЕЛГЕЗЕК: Дәл осы бағдарламаны 30 жыл бұрын бастау керек еді

2849
Adyrna.kz Telegram
Ұрылардың ашкөздігінен ұлттық қордағы ақшамыз тістегеннің тілінде, асағанның аузында кетті. Әйтпесе6 ұлттың байлығын өздері ғана асай бермей, туған халқымен баяғыда теңдей бөліскенде, халық та кедейленбес еді, Назарбаев және оның кланына ел тарапынан дәл қазіргідей агрессия болмас еді.
Дәл осы бағдарламаны 30 жыл бұрын бастау керек еді.
Жаңа оқып қалдым, “Ұлттық қор - балаларға” атты бастама Алла бұйыртса, 1 айдан кейін іске қосылады екен!
Қуанып қалдым.
Қаңтардан бастап еліміздің әрбір баласына есеп-шот ашылып, Ұлттық қор­­дың ин­вес­­тициялық кірісінің 50%-ын әр­бір балаға бөлетін болды.
Қаржы әр бала 18 жасқа толғанға дейін аудары­лып тұрады, оны мерзімінен бұрын есеп­шоттан шығарып алуға болмайды. Жинақталған қаржы балалар кәмелет жасына толғаннан кейін олардың баспана немесе білім алуына жұмсалады.

 

Пікірлер