Оқу орнының қызметкеріне шабуыл жасаған СҚО студентінің видеосы желіні шулатты (ВИДЕО)

3130
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/11/izobrazhenie_2023-11-22_172228303.png
Петропавл қалалық полициясының жедел арнасына 21 қараша күні сағат 14.20-да қаладағы білім беру ұйымдарының бірінде ер адамның төбелесіп жатқаны туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды "Адырна" порталы. Бұл дерек Петропавл қалалық ПД ақпараттық кітабында тіркелген. Оқиға орнына жеткен полицейлер 18 жастағы қала тұрғынының білім беру мекемесінің қызметкерлеріне балағат сөздер айтқанын анықтады. Құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы «Ұсақ бұзақылық» бойынша әкімшілік материал жиналды. Материал жинақталып, шешім шығару үшін сотқа жіберіледі.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Василий Смирнов (@skopetro)

 
Комментарии