"Заң шығуы үшін министрдің баласы зорлануы керек пе?" Алматы облысында 9 жасар қыз зорланғаны айтылды

2357
Adyrna.kz Telegram

Алматы облысында тағы бір педофил құрбаны анықталды, деп хабарлайды "Адырна" порталы Egov.press телеграм арнасына сілтеп. 

Алматы облысы, Қарасай ауданына қарасты Сауыншы ауылында педофил түнде 9 жасар қызды үйінен ұрлап әкетіп, зорлап кеткен делінеді.

"Әзірге ресми ақпараттар айтылмады. Полиция департаменті қылмыстық іс қозғап, мән-жайды анықтауда. Педофил құрбаны болған бүлдіршіннің туыстары қылмыскер әлі ұсталған жоқ деп шыр-пыр болуда", дейді телеграмдағы жазбада.

"Таңғы бесте келіп қызым оятты. Мені бір аға келіп алып кетті деді ол. Дәрігерлер тексеріп зорланғанын айтты" деді қыздың анасы тілшіге.

Тұрғындар педифилдерге жазаны ақатаңдататын заң шығаруды сұрап, билікке наразылықтарын айтуда:

"Полиция келіп екі күн ғана қарап кетті. Одан кейін келген де жоқ, сұраған да жоқ. Қазір бұлар қыз деп, ұл деп қарап отырған жоқ. Педофилдерге жазаны ауырлатып заң шығарсын. Әлде бұл дүниені назарға алуы үшін министрдің немесе басшының қызы зорлануы керек пе? Балаларымызды көшеге шығара алмай қалдық" деді видеодағы белгісіз әйел.

Пікірлер