Boeing 787 Dreamliner ұшағы алғаш рет Антарктидаға қонды

1154
Adyrna.kz Telegram
Фото: Norse Atlantic Airways
Фото: Norse Atlantic Airways

Boeing 787 Dreamliner ұшағы 15 қарашада Антарктидаға қонды, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы  CNN арнасына сілтеме жасап.

Norwegian Norse Atlantic Airways басқаратын ұшақ 13 қарашада Ослодан ұшып, кейін Кейптаунға тоқтады. Одан кейін ұшақ Антарктидаға бет алып, сонда қонды.

Dreamliner «мұз бен қардан құралған» ұшу-қону жолағына қонды, деп хабарлайды CNN.

Ұшақтың бортында барлығы 45 жолаушы болды, оның ішінде Норвегия полярлық институтының ғалымдары бар. Сонымен қатар кеме Антарктиданы зерттеуге қажетті 12 тонна зерттеу жабдықтарын тасымалдады.

«Мұндай үлкен ұшақтың қонуы Тролльде (Норвегиялық антарктикалық станция) логистиканың мүлдем жаңа мүмкіндіктерін ашады, бұл Антарктидадағы норвегиялық зерттеулерді нығайтуға көмектеседі», - деді Норвег полярлық институтының директоры Камилла Брекке.

Сонымен қатар ол үлкенірек ұшақты пайдалану «жалпы шығарындыларды азайтуға» және «Антарктидадағы қоршаған ортаға әсерді» азайтуға көмектесетінін айтты.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер