Илон Масктың Starship зымыраны тағы да жарылды

1621
Adyrna.kz Telegram
Фото: Reuters
Фото: Reuters

Әлемдегі ең ірі ғарыш кемесі Starship зымыраны көкке ұшырылғаннан кейін 8 минуттан соң жарылды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Шетелдік БАҚ деректеріне сүйенсек, басында бәрі жоспар бойынша өткен, бірақ 10 минут өтпей SpaceX кемемен байланысын үзген. Ақауға не себеп болғаны белгісіз.

Айта кетейік, бұл - әлемдегі ең ірі ғарыш кемесі. Ұзындығы 120 метрден асады. Оны жасау үшін 3 млрд доллар жұмсалған. Зымыранды Илон Маскқа тиесілі SpaceX компаниясы жасаған.

Ай тпақшы, бұл компанияның екінші әрекеті. Алғаш сәуірде зымыран ұшырылып, ол 4 минуттан кейін жарылған болатын. Бұл сәтсіздіктер сарапшыларды қатты алаңдатып отыр. Өйткені Starship кемесімен келешекте Ай мен Марсқа сапар шегу жоспарланған.

Пікірлер