Қостанайда адам өліміне қатысы бар деген күдікпен 51 жастағы әйел ұсталды

1895
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/10/0dcf3d07-5f6f-4832-8249-85d0f1cb4cfd-960x500.jpeg?token=85e75f4405234674be3fa82d7382fda0

Қостанай облысында 61 жастағы әйелді өз пәтерінде өлтіріп кеткен, - деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы «Костанайские новости» басылымына сілтеме жасап.

Бұл қылмысты жасады деген күдікпен тағы бір әйел ұсталды. Қаланың 51 жастағы тұрғыны қазір уақытша ұстау изоляторында.
«Осы дерекке қатысты Қылмыстық кодекстің 99-бабы «Кісі өлтіру» бойынша тергеу басталды. Қылмыс жасады деген күдікпен 51 жастағы әйел ұсталды. Болған оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Қажет тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр», - деп түсіндірді Полиция департаменті өкілі.

«Адырна» ұлттық порталы

Комментарии