Ақмолада вагондар рельстен шығып кетті

1994
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/11/img_5942.jpeg
Ақмола облысында вагондар рельстен шығып кетті. Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының баспасөз қызметі айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі. Оқыс оқиға 16 қарашада болған.
«Сағат 12.50-де Ақмола облысының Астана-Қарағанды ​​учаскесінде жүк пойызы жүріп бара жатқан кезде вагондар рельстен шығып кетті. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ»,—делінген хабарламада.
Қазіргі таңда Астана-Қарағанды ​​учаскесінде қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Комментарии