"Зайырлы жүйені құлатпақ болған". ҰҚК экстремистік діни топ мүшелерін ұстады

1854
Adyrna.kz Telegram
Фото: ҰҚК баспасөз қызметі
Фото: ҰҚК баспасөз қызметі

Ұлттық қауіпсіздік комитеті экстремистік топ мүшелерінің ұсталғаны туралы хабарлады, - деп жазады "Адырна" порталы ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

15 қарашада Ұлттық қауіпсіздік комитеті Бас прокуратураның келісімімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру шаралары аясында Астана, Атырау және Жезқазған қалаларында радикалды діни топ мүшелерін ұстады.

«Терроризмді насихаттады, сондай-ақ экстремистік топ құрды, оған жетекшілік етті және оның қызметіне қатысты деген күдікпен оның 12 мүшесі бір мезгілде ұсталды. Тергеушілердің айтуынша, олар Қазақстандағы зайырлы жүйені құлату мақсатын көздеген. Бұл үшін олар экстремистік идеологияны таратып, өз қатарына жаңа жақтастарды тартқан», - делінген ҰҚК баспасөз қызметінің хабарламасында.

Сотталушылардың тұрғылықты жерін тінту кезінде тыйым салынған әдебиеттер мен басқа да заттай айғақтар тәркіленді.

«Топтың бірқатар мүшелері ауыр қылмыстар, соның ішінде полиция қызметкерін өлтіру, бандитизм, тонау, ұрлық және зорлау сияқты қылмыстарды жасағаны үшін сотталған», - деп хабарлады Ұлттық қауіпсіздік комитеті.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У мужчин челюсти отвалились, когда они увидели ее страстный танец
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Вашингтон опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Пікірлер