"Қателігін мойындап, кешірім сұрады". Нұрсұлтан Назарбаев інісі Болаттың жерлеуінде не айтты?

1994
Adyrna.kz Telegram

Тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі Болат Назарбаевтың қазасында не айтқаны белгілі болды, деп хабарлайды "Адырна" порталы. Бұл туралы Orda.kz жазды.

Қоштасу рәсімінде Нұрсұлтан Назарбаев сөз сөйлеген. Бірақ оның не видеосы, не аудиосы тарамады. Қолға жеткен мәліметке қарағанда, Назарбаев інісінің мейірімділігі мен жомарттығын атап өткен. Қазақстанның бұрынғы президентінің айтуынша, Болат қайырымдылық ісіне белсене араласып, мешіт салып, мұқтаж жандарға көмектескен.

Назарбаев інісінің "қателігін мойындап, кешірім сұрағанын" баса айтты. Сондай-ақ Болаттың соңғы екі жарым жыл бойы ауыр дертке шалдыққаны, физикалық қиындықтарға тап болғаны айтылды. Көңіл айту сөздеріне ризашылығын білдірген Назарбаев көпке алғыс айтқан.

Болат Назарбаевты ақтық сапарға шығарып салу рәсіміне  Премьер-министр Әлихан Смайылов та қатысқан.

Пікірлер