UFC 296 турниріне Қазақстаннан кім қатысады?

2347
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/11/8002b747-eee3-49d4-9825-61fcac44d490-1.jpg

Әлемде UFC-де ең үздік промоушн 16 желтоқсаннан 17 желтоқсанға қараған түні Лас-Вегаста (Невада, АҚШ) өтетін UFC 296 турнирінің негізгі кардын жариялады. Sports.kz жазды деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

Турнирдің басты жекпе-жегінде жартылай орта салмақ дәрежесінің чемпионы (77 келіге дейін) британдық Леон Эдвардс америкалық Колби Ковингтонға қарсы шығып, атағын қорғайды. Тағы бір жекпе-жекте ең жеңіл салмақ дәрежесінде (57 келіге дейін) титул иегері бразилиялық Алешандре Пантожа америкалық Брэндон Ройвалмен кездеседі. Сондай-ақ қазақстандық Шавкат Рахмонов америкалық Стивен Томпсонмен жекпе-жекке шығады. Турнирдің негізгі карды келесідей: Леон Эдвардс (Ұлыбритания) – Колби Ковингтон (АҚШ); Алешандре Пантожа (Бразилия) - Брэндон Ройвал (АҚШ); Шавкат Рахмонов (Қазақстан) – Стивен Томпсон (АҚШ); Тони Фергюсон (АҚШ) – Пэдди Пимблетт (Ұлыбритания); Висенте Луке (Бразилия) - Иэн Гэрри (Ирландия).

«Адырна» ұлттық порталы

Комментарии