Луврда тұрған Барсбайдың дулығасын Бейбарыстың мүлкіне теліді

5880
Adyrna.kz Telegram
Фото: Instagram/ the_kazakh_state_on_old_maps
Фото: Instagram/ the_kazakh_state_on_old_maps

Әлеуметтік желілер мен кейбір БАҚ беттері Луврда тұрған Барсбай сұлтанның дулығасын Бейбарыстың мүлкіне теңеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Әлеуметтік желілер мен кейбір БАҚ беттерінде Париждегі Лувр мұражайынан Бейбарыс сұлтанның дулығасы табылды деген ақпарат тараған болатын.

Тhe_kazakh_state_on_old_maps Instagram-парақшасы мұндай мәліметті ғалым, профессор, саясаттану ғылымының докторы Мұхит-Ардагер Сыдықназаровқа сілтеме жасап, бөліскен.

"Дулығаны Түркістаннан ХІХ ғасырда отаршыл әскерлер алып кеткен, кейін ол француз коллекционерлеріне сатылған. Бұл жаңалықты белгілі ғалым, профессор, саясаттану ғылымының докторы Мұхит-Ардагер Сыдықназаров бөлісті", - делінген парақшада.

Дегенмен, Лувр мұражайының ресми сайтында бұл дулыға он бесінші ғасырдың басында өмір сүрді деген Барсбай сұлтандікі деп көрсетілген.

 

 

Құжатта дулығаның Таяу Шығыстан, Мысырдан апарылғаны жазылған.

Ал желіде осы жәдігердің мұражайдағы витринада тұрған суреті "Бейбарыстың дулығасы" деп таратылып жатыр.

Бірақ он үшінші ғасырда өмір сүрген Бейбарыс сұлтан мен он бесінші ғасырдың сұлтаны Барсбайдың арасында байланыс жоқ екенін ешкім аңғармаса керек. Оған ешкім түсінік бермеген.

 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео: малютка и бабуля обсуждают жизнь — умора
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Суставы болят не от старости! Найден злейший враг боли в суставах
Пікірлер