Астанада аялдама әйнегін теуіп сындырған жігіт ұсталды

1471
Adyrna.kz Telegram

Астанада аялдама әйнегін сындырған ер адам ұсталды. Бұл туралы полиция қызметкерлер мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Бұған дейін  Байтұрсынов көшесіндегі аялдамалардың бірінде ер адамның бұзақылық жасаған видеосы желіде тарап кеткен еді.

Шұғыл іздестіру шарасы барысында Түркістан облысының 22 жастағы тұрғыны ұсталды. Қызымен ренжіскен ол ашумен аялдаманың әйнегін тепкенін мойындады,  – дейді полицейлер.

Айта кетейік, бұған дейін департаменттегілер бұзақылық жасаған ер адамды 200 күн жұмысқа жегіп немесе белгілі бір мерзімге қамауға алатындарын мәлімдеген.

Пікірлер