“Ешкімге керек емес”. Әлеуметтік желіде баланы ұрған әйелдің видеосы тарады

3255
Adyrna.kz Telegram

Әлеуметтік желіде кішкентай нәрестені ұрып, дөрекелік танытқан әйелдің видеосы тарады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Бейнебаян авторы баласын ұрып, оны лақтырып, дауыс көтерген. Бұл видеоны қоғам белсендісі, көп балалы ана Ақма Басированың Facebook желісіндегі парақшасында жариялады.

“Күн сайын маған балалар мен әйелдерге жасалған зорлық-зомбылық туралы ондаған видеолар түседі. Бұл әйелдің сәбилерін тез арада қауіпсіз жерге апару керек. Бұлар күйеуі мен енесіне ренжімей балаларын терезеден салқын түрде лақтырып жіберіп, кейін өздері секіретін аналар. Бұлар балаларын салқынқандылықпен тұншықтырып өлтірген аналар», – деп жазды Басирова.

Бейнежазбадағы әйел «махаббатсыз туылған балаларда солай болады, ешкімге керек емес!» деп сәбиді арқасынан және бүйірінен ұрады.

Акма Басирова Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиеваны белгілеп, одан көмек сұрады. Уәкіл:

“ІІМ бірлесіп іздеп жатырмыз”,-деп жауап қатты Зәкиева.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Надоели боли в суставах? 7 дней и ваши суставы восстановятся
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Бегайте в 65 как в 20! Восстановите суставы этим средством...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Пікірлер